Abstract:
Мақалада бəсекеге қабілетті инновациялық экономиканың өркендеуіне орай жоғарғы оқу
орындарындағы кəсіби дайындық мəселесі қарастырылды. Əлеуметтік сауалнамаларға қатысқан
қазақстандық жұмыс берушілердің 66,3%-ы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық тəжірибесінің
жоқтығын атап көрсетті. Яғни, жоғары оқу орындарында маман даярлау əлі де болса практикалық
дағдыларды дамытуға бағдарланбаған. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің күткен
үміттерін қанағаттандырмайды; жоғары оқу орындарын бітірген түлектер деңгейі төмен. Осыдан
жоғарғы оқу орындарында теория мен практиканың алшақтығын жоятын механизмдерді қарастыру
керек. Қазақстанда жоғарғы мектеп алдында тұрған міндеттер: ғылым, білім, өндіріс үштігінің бірлігін
ұстану; кəсіби құзыреттілікке жауап беретін белгілі бір мамандыққа сəйкес сапалы кəсіби
дайындықты жаңарту. Бұл міндеттер педагог-мамандарды даярлауда кəсіби əлеуметтендіру сияқты
жаңа талаптар қойып отыр. Автор студенттің оңтайлы кəсіби əлеуметтенуін оның кəсіби
құзыреттілігін қалыптастыру факторы ретінде қарастырады. Сондықтан студенттерді белсенді түрде
волонтерлік қызметке тартуды ұсынады. Волонтерлік студенттердің логикалық, сыни жəне
конструктивті ойлауын дамытып, білім нəтижелерін оқу жəне өндірістік іс-əрекетте қолдана білуге
негіз болады. Жалпы, бұл қызмет тұлғаның кəсіби өзін-өзі анықтау, шығармашылық ізденіс пен
инновацияны қажет етуге итермелейді. Сондай-ақ автор волонтерлік қызметті теория мен
практиканың арасындағы алшақтықты қысқарту механизмі ретінде ұйымдастыру жолдарын ұсынды