Abstract:
тəжірибесін саралап ұсынды; адам капиталы сапасын инновациялық негізде арттыру құралдары
нақтыланды жəне əлеуметтік-экономикалық факторлар мен адам капиталын құрудың тетіктерінің
нақты кəсіпорынның еңбек өнімділігіне ықпалы бағаланды. Бұл қазіргі қалыптасқан жағдайда, тіпті
экономиканың əлемдік жаһандануынан гөрі, еуразиялық интеграцияның бүгінгі күні мен болашақта
болатын нақтылықты түсінуге, яғни ұлттық білім жүйесінің басымдылық негізінде бірыңғай білім
беру кеңістігіне интеграциясының əлеуетін есепке алуға, мүмкіндік береді; сонымен қатар еңбектің
мəні мен оның əлеуметтік-экономикалық жүйесі дамуының трансформациясы жағдайындағы
өзгерістерін анықтайтын теориялық бағыттар мен əдіснамалық көзқарастар жан-жақты талданды;
шетелдік тəжірибені «бүкіл өмір бойына үздіксіз оқу» концепциясына байланысты талдау кадрлық
ресурстарды оңтайлы пайдалану жəне кадрлық əлеуетті инновациялық дамыту, қызметкерлерді
басқару оларға білім беру тəсілдерін қалыптастыру қажеттілігімен, жаңа технологияны əзірлеу жəне
оның əдістерін жетілдірумен тығыз байланысты екендігі көрсетілген. Сондай-ақ екінші бесжылдық
əртараптандырудың мақсаттары мен міндеттерін, ҚР Индустриялық-инновациялық дамудың 2015–
2019 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде іске асыру үшін оның қажеттілігіне сəйкес
кадрлармен қамтамасыз етудің білім жүйесіндегі үдерістерді күрт өзгертумен байланысты екені
түсінікті.