Abstract:
Жұмбақ — халық өмірінің бай тәжірибесін, дүниеге эстетикалық және этикалық көзқарасын
білдіретін көне жанр. Халықтың болмысымен ежелден біте қайнасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
келе жатқан жұмбақ жанрының табиғатын сипаттау үшін ұлттық дүниетанымды терең түсінуіміз
керек. Жұмбақты шешу барысында кездесетін түрлі ақпарат арқасында адам өзінің білімін, ойлау
процесін жетілдіреді. Мақаланың басты мақсаты — қазақ және қытай тілдеріндегі жалқы есімді
жұмбақтарды этнолингвистикалық тұрғыдан сипаттау. Зерттеу әдісі ретінде қазақ және қытай
тілідеріндегі дереккөздер мен материалдарды саралау, жіктеу және жүйелеу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының нәтижесі көрсеткендей, қазақ және қытай жұмбақтарының кұрамындағы жалқы
есімді талдау проблемасы жалқы есімнің ерекшелігін түсінумен, ұлттық менталитетпен,
мәдениетаралық коммуникациямен анықталған біліммен, фольклорлық ерекшеліктерді белгілеумен
тығыз байланысты. Жалқы есімдер әр халықта өзіндік ерекшеліктерге ие. Жалқы есімдер мақал-мәтел
мен фразеологизмдердегі сияқты жұмбақтарда да кездеседі. Олар тек өзінің жалқылық мағынасында
ғана емес, толып жатқан ауыспалы, туынды және символикалық мағыналарда да көрініс табады.