Abstract:
Мақалада ұлттық этикет пен мəдениет тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру құралы ретінде
қарастырылған. Рухани адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі, яғни ақиқат,
сүйіспеншілік, достық, дұрыс əрекет, мейірімділік, қарапайымдылық, отансүйгіштік, тағы басқалар
негізінде қалыптасатындығы көрсетілген. Жеке тұлғаның бойында адамгершілік қасиетті
қалыптастыруда ұлттық тəрбие, ұлттық ойындар, ұлттық өнер, қазақ халқының тарихи тəжірибелері,
ұлттық болмыс, діл, дін, əдеп, ауыз əдебиетінің жəне ұлттық салт-дəстүрдің этнопедагогикалық мəні
əсер ететіндігі сипатталған. Ұрпақ тəрбиесінің түпкі өзекті арқауы — халықтық əдеп. Ұрпақ
мəдениетінің жоғары болуы, ұлттық этикетінің биіктен көрінуі, сайып келгенде, салт-дəстүрімізді,
əдет-ғұрпымызды қастерлеуден басталатындығы баяндалған. Қазақ халқының этикетінің
қалыптасуына зор үлес қосқан ұлы ойшылдардың ой пікірлерін талдап, авторлар оқу орындарында
жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуда ауызша сабақтардың, соның ішінде əдебиет
сабағының, рөлі зор екендігін дəлелдеген. Тұлғаның этнопедагогикалық мəдениетін қалыптастыруда
педагогика жəне этнопедагогика пəндерінің оқу бағдарламаларына түрлі қосымшалар, «Қазақ
халқының ұлттық мəдениеті» атты элективті курстар, оқу-əдістемелік құралдар, тағы басқаны енгізу
мектеп мұғалімдерінің жəне болашақ мамандардың педагогикалық мəдениеті саласындағы теориялық
білім қорын кеңейтіп, практикалық-əдістемелік іскерліктерін қалыптастыру жолдары көрсетілген.