Abstract:
Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің «Инженерлік графика» оқу пəнінің мазмұнын меңгеруі
бойынша студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудағы оқу жəне шығармашылық тапсырмалар жүйесі
негізгі құрал болып табылады. Оларды орындау қажетті жоғары деңгейдегі графикалық білімдері мен
іскерлігін меңгеруді қамтамасыз етеді, демек, оқыту мақсатындағы жетістікті-
зияткерлік қабілеттілікті дамытуды көрсетеді. Мақалада шығармашылық графикалық тапсырмалар жүйесін
қолдану əдістемесі қарастырылған. Инженерлік графиканың негізгі бөлімдерінен тұратын – тік бұрышты,
аксонометриялық жəне перспективалық проекцияларды қамтитын бірнеше графикалық жұмыстарды өз
бетімен орындау үшін қажетті нұсқаулар мен графикалық тұрғызулар арқылы
берілген тапсырмаларды орындауға түсініктемелер берілген. Студенттердің əр тапсырманы орындау
барысында алдын ала пəннің белгіленген тарауының материалдарын жəне өздік жұмыстың құрамына енетін
тапсырмаларды графикалық түрде шешу тəсілдерін меңгеру қажеттігі қарастырылған. Сонымен қатар
«Инженерлік графика» пəні студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы бақылау,
салыстыру, геометриялық формаларды талдау жасай білуі заттардың конструкциясын жəне олардың
кеңістіктегі орнын ойша ойлау қабілеттерін арттыру туралы анықтамалар берілген. Осындай іс-
əрекеттің нəтижесінде сызбаны өз бетімен түрлендіру арқылы студенттердің техникаларды,
механизмдерді, техникалық шығармашылықты, аспаптарды ойлап табу мүмкіндіктері жоғары
дəрежеде дамитыны туралы айтылған.