Abstract:
Мақалада кəсіби жəне тілдік құзыреттілікті қалыптастыруда пəн мен тілді кіріктіре оқыту тəсілінің
алар орны мен артықшылықтары баяндала отырып, «Мемлекеттік жəне жергілікті басқару» мамандығы
бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру орындарында шет тілін оқытудың моделі ұсынылды.
Автолар бұл модельдің шет тілін кəсіби бағдарлай отырып оқытуда алар орны мен
модельдің компоненттеріне жеке-жеке тоқталған. Аталмыш модельді ұсына отырып, «Мемлекеттік жəне
жергілікті басқару мамандығы» бойынша білім алушы магистранттардың танымдық
(когнитивтік)/ академиялық тілдік құзыреттілігіне қолжеткізу күтіледі.