Abstract:
Қазіргі уақытта Қазақстанда мəдениетке, тілге, ұлтқа, ұлттық мінез-құлыққа көп көңіл аударылып
жатыр. Сонымен қоса Қазақстанда поли- жəне моноұлт топтары тұрады. Моноға біз бір ұлт
адамдарын жатқызамыз, олардың салт-дəстүрі, əдет-ғұрпы, мінез-құлқы, қабілеттері, мəдениттері,
тағы басқаларды жатқызамыз. Политоптар деп көптеген ұлттардың қосындысын айтамыз, оларға
əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі мəдениеті, тағы басқаларды жатқызамыз. Полиэтникалық жағдайда
этникалық толеранттылық мəселесі де мəнді. Басқа этникалық мəдениеттерді қабылдау, сыйлау үшін,
ең алдымен, өзіңнің мəдениетіңді қабылдау, сыйлау, оның позитивті құнды екенін ұғыну, оған деген
сенімділік, басқа мəдениетпен жиі байланысқа түсу — міне осы жағдайлар мəдениаралық
толеранттылықтың негізін құрайды. Мінез-құлықтағы өзгеріс міндетті түрде мəдениеттегі өзгерісті
білдіреді.