Abstract:
Мақалада соғысқа дейінгі жылдардағы Қазақстандағы кино саласының материалдық-техникалық
негіздерінің дамуы, оның басқару органдары, кино саласының өндірістік-техникалық істерін жүргізу
мəселелері қарастырылды. Сонымен қатар авторлар кино саласындағы кемшіліктер, «Қазақкино»
тресінің құрылуы мəселелерімен қатар, киноны саясатта кеңінен пайдалану үшін, оның материалдық-
техникалық жағдайына көңіл бөліп, республиканы киноландыруға бөлінген киноқондырғылардың
жылдан жылға үздіксіз дамығандығын атап өтті. Мұрағаттық материалдар негізінде 1920–1940
жылдардағы Қазақстандағы киноөндірісінің даму деңгейі сипатталды.