Abstract:
Мақалада Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі қауіпсіздіктің аймақтық кешені мəселелеріне
талдау жасалған. Автор Б.Бузан мен О.Вевердің қауіпсіздіктің аймақтық кешені теориясын
басшылыққа ала отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі қауіпсіздіктің аймақтық
кешенінің бар екенін дəлелдеген. Сонымен қатар мақалада Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-
мемлекеттерінің, бақылаушы мемлекеттерінің ұстанымдары, саясаты зерттелген. Қауіпсіздіктің
аймақтық кешені теориясының маңыздылығы мен рөлі қарастырылған. Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымының соңғы жылдардағы саммитеріне сипаттама берілген.