Abstract:
Мақалада 1950–1960 жылдардағы Орталық Қазақстан қалаларындағы тұрғындардың баспанамен
қамтамасыз етілуі, тұрғын үй құрылысының дамуы қарастырылды. Автор қалалардағы өндірістің
қарқынды дамуынан қала халқы санының артқандығын көрсете отырып, олардың тұрғын үймен
қамтамасыз етілуінде туындаған қиындықтарды анықтайды. Автор жергілікті билік органдарының
Орталық Қазақстан қалалары мен елді мекендерінде тұрғын үй құрылысын жүргізуде жіберген
кемшіліктерін көрсете отырып, қалалардағы əкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлердің жағдайына
талдау жасайды. Берілген салаға жұмсалған қаржы көлемін көрсете отырып, тұрғын үй, мəдени-
тұрмыстық, коммуналдық құрылыс пен көгалдандыру ісінің жүргізілу барысын талдайды. Халықтың
əлеуметтік қамсыздандырылу саласы бойынша кеңес билігінің ұстанған саясатын бағамдайды.