Abstract:
Тарихты тұлғалар жасайды. Тəуелсіз елдің азаттығы үшін күрескен Алаштың көсемі Əлихан Бөкейхан
қазақ даласына əлемдік тарихи тұлғалардың өмірін зерттеуі қазақ халқына үлгі ретінде жазылған.
Озық ойлы еуропалық зиялылардың атқарған қызметі, артында қалдырған мұраларын талдап, ХХ ғ.
басында ұлттық-демократиялық қозғалыста қазақ мүддесін қалай іске асыруды көрсеткен. Ұлттың
арманы – тəуелсіз мемлекетті қалпына келтіру үшін бейбіт күресте қазақ халқының мүддесіне сəйкес
пікір білдірген тұлғалар туралы жаза отырып, Ə. Бөкейхан қазақ халқын Еуропада болып жатқан
саяси, мəдени өзгерістермен таныстыруды мақсат еткен. Автормен Ə. Бөкейханның еуропалық тарихи
тұлғалар арқылы қазақ даласына либералдық-демократиялық идеяларды тарату жолындағы іс-əрекеті
талданған.