Abstract:
Мақалада дипломатиялық құжаттардың тарихи дерек ретіндегі маңыздылығы анықталып,
дипломатиялық құжаттардың жіктелу мəселесі қарастырылған. Автор дипломатиялық құжаттарды
жіктеу бойынша ортақ бір пікірдің, ортақ жіктеудің жоқ екендігін дəлелдеп, мақала тақырыбының
жалпы деректанудағы, соның ішінде отандық деректанудағы өзектілігін анықтаған. Қазіргі кезеңдегі
дипломатиялық құжаттардың жаңа түрлеріне сипаттама жасаған. Сонымен қатар мақалада кейбір
авторлардың дипломатиялық құжаттары жіктеліп, сол авторлар дипломатиялық құжаттарды
тəжірибелік дипломатия тұрғысынан қарастырған деген қорытындыға келген.