Abstract:
Мақалада тіл біліміндегі қарқынды дамып келе жатқан парадигмалардың бірі синергетика туралы
ақпарат ұсынылған. Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты — лингвистикадағы синергетикалық
принциптердің жүзеге асу ерекшелігін анықтау және синергетикалық лингвистиканы қолданбалы тіл
білімінің бір саласы ретінде сипаттау. Осы мақсатқа жету үшін мына міндеттер орындалды:
лингвистикалық синергетиканың мәні талқыланды және жаңа зерттеу парадигмасы ретінде
синергетиканың ерекшеліктері анықталды. Сонымен қатар, синергетиканың ең негізгі
функцияларының бірі жүйеге келтіру, жинақтау және хаостан тәртіпке орнату болғандықтан,
синергетиканың басқа да ғылымдармен интеграциясы сипатталған. Тағы бір назар аударарлық мәселе,
синергетика трансдисциплинарлық сала ретінде қарастырылатындықтан, синергетика зерттелетін
обьектілерге жаңа зерттеу қырынан қарауды ұсынады. Сондай-ақ, лингвистикалық синергетиканың
өзгешелігі, тіл мен мәтіннің бірқатар қызықты ерекшеліктерін ашады. Синергетика әртүрлі
онтологияның күрделі жүйелерінің эволюциялық заңдылықтарын ашу және сипаттау әлемде болып
жатқан процестердің әмбебаптығын дәлелдеді. Жалпыланған теориялық үлгілерді ғылыми зерттеу
әдісі ретінде кеңінен қолдану мүмкіндігі синергетиканың жаңа ғылыми парадигмаға «өсуіне» ықпал
етті. Нәтижесінде, синергетика Соссюр зерттеген структурализм, Хомский ашқан когнитивті
лингвистика парадигмалары зерттемеген тілдік жүйедегі ерекше құбылыстарды байқауға мүмкіндік
береді. Мақаладағы негізгі түйін синергетика ғылымы өзге ғылымдардың әлі ашылмаған жаңа
сипаттары мен қырларын, жүйелі емес құбылыстардың бірігуін танытуға мүмкіндік бере алады деген
сұраққа ғылыми тұрғыда жауап беру.