Abstract:
Авторлар ішкі сауданың макроэкономикалық көрсеткіштеріне, сауда инфрақұрылымына, сауда
бизнесі мен ішкі сауданың өзге де мəселелеріне ерекше назар аударған, сондай-ақ өңірлер арасында
бөлшек сауда тұрғысынан олардың алатын орындары сараланған. Мақала қорытындысында олар мемлекет
деңгейінде сауда бойынша жасалатын бірқатар қадамдар мен іс-шараларды ұсынды. Олардың қатарында
2016–2019 жж. бөлшек саудаға мемлекеттік қолдау көрсетудің қаржылық шараларын енгізу, банкілердің/
Даму банкінің жаңа сауда нысандарын салу мақсатындағы несиелеріне 50 % дейін жартылай кепілдік
беру, бөлшек сауда желілерінің франшизасын сатып алуға жəне пайдалануға бағытталған бір мəртелік
жəне ұдайы төлемдерінің 50 % субсидиялау, ақысыз пайдалануға немесе ұзақ мерзімге жалға беру
мақсатында мемлекеттік резервтен жер телімдерін бөлу
жəне басқалары бар.