Abstract:
Мақалада қылмыстылықпен күрестегі Қазақстан Республикасындағы ішкі істер органдарының іздеу
қызметінің мəні мен маңызы, тарихи аспектілері жəне ұйымдастырушылық ерекшеліктері
қарастырылды. Криминалды полиция аппараттарының іздеу қызметін жүзеге асыру барысында
шешілетін міндеттер зерделенді. Сонымен қатар жеткілікті ғылыми-теориялық жəне практикалық
тұрғыда іздеу қызметі мен іздестіру қызметіне салыстырмалы талдау жүргізілді. Соның нəтижесінде
олардың неғұрлым айқын айырмашылықтарын анықтауға талпыныс жасалып, іздеу қызметіне толық
түсініктеме берілді.