Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің негізгі
бағыттары, нысандары мен əдістері қарастырылған. Интеграциялық үдерістерді кеңейту жəне тереңдету
үшін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының əлеуеті бағаланған. Ауыл шаруашылығы өндірісінің
жалпы шығарылымы Қазақстанның түрлі аймақтары бойынша, шаруашылықтардың санаттары мен түрлері
бойынша талданған. Қазіргі заманғы экономикалық құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан
Республикасының аграрлық секторын мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін
жетілдірудің негізгі бағыттары анықталған.