Abstract:
Қазіргі уақытта білім берудегі коучинг пен менторинг бүкіл əлемде кең қолданысқа ие. Кеңестік
кезеңнен қолданылып келе жатқан жас мамандарға білікті мұғалімдердің тəлімгерлік жасауы отандық
білім беру саласында коучинг пен менторинг бұрыннан бар түсініктер деген пікірге əкеледі. Мақала
осы тарихи фактор жəне коучинг пен менторингтің қазіргі кезде қолданылуын салыстыра, салғастыра
отырып талдауға негізделген. Бұл шолу мақалада коучинг пен менторинг əдістерінің шығу тегі, оның
білім беру саласына келу тарихы баяндалған. Соның ішінде, негізгі фокус осы əдістерді қолдана
отырып əдеби шығармаларды оқытудың перспективаларын бағамдауға бағытталады. Негізінен
коучинг пен менторинг əдістері арқылы (GROW моделі) оқыту адамдарға эмоционалдық,
психологиялық, дидактикалық тұрғыдан көмектесе алады. Поэзия, рөлдік ойын, метафора сияқты
əдебиет құралдарын қолдану да студенттерге қолдау көрсетуде пайдалы. Мақалада коучинг пен
менторинг əдістерін қолдану арқылы оқытуға болатын қазақ жəне əлем əдебиеті шығармалары
қарастырылған.