Abstract:
Ғылыми ортада қасиетті орындарды зерттеумен түрлі сала мамандары айналысады. Географиялық
нысанның қасиетті орынға айналуының негізінде елдің мəдениеті мен салт дəстүрі, ырым–тиымдары,
діни түсініктері жатады. Халықтар арасындағы мəдениеттердің көрінісі де сакралды орындарда
кездеседі. Мақалада аталған некронимдік трансформация үдерісінің ономастикалық іздері анықталып,
жалпы əлемдік үдеріс пен оның Қазақстандағы жағдайы туралы айтылған. Жұмыстың негізгі
мақсаты — қазақстандық сакралды нысандар атауларындағы трансформацияның дүниежүзілік
үдерістің бір көрінісі екендігін жəне осыған байланысты жергілікті сакралды объектілердің
мағыналық (этимологиялық) классификациясын құрастыру. Зерттеу объектілері ретінде Қазақстан
аумағындағы жергілікті мазарлар мен зират кешендерінің, түрлі кесенелер мен мемориалды
нысандардың атаулары, сондай-ақ, «Қазақстанның киелі жерлері картасы» бағдарламасы аясында
зерттеліп жатқан некронимдер алынды. Сонымен қатар мақалада агиотопонимдер құраушы
лексикалық қор сараланған. Олардың лексика-семантикалық мағынасы талданған. Тақырыпты ашу
мақсатында ғаламторлық жəне жалпыға мəлім ақпараттар мен тұжырымдамаларды, сондай-ақ
тарихшылар мен филологтардың осы тақырыптағы көзқарастарын жəне некронимдерге байланысты
тарихи мəліметтер мен бүгінгі жағдайлары туралы деректер жинастырылып, салыстырмалы əдіс
арқылы тұжырымдар жасалған.