Abstract:
Мақалада биоэтанолды алу үдерісін қарқындатуға арналған жаңа технология ұсынылды.
Электроимпульсті технология арқылы агродақылдар мен оның қалдықтарын ашыту кезінде
максималды мөлшерде қажетті өнім алынатыны дəлелденді. Биоэтанол өндіруде құны жағынан төмен,
қалдықсыз өндірістің əр түрлі технологиялық схемалары жасалып, өндіріске енгізілуде. Сұйық
ортадағы электрлік соққы салдарынан пайда болатын физикалық үдерістердің жан-жақтылығы мен
күрделілігіне байланысты нақты эксперименттік нəтижелер болмаса, үлгілеу қиынға соғады. Зерттеу
жұмыстары жəне теория жүзінде көпфазалы ортада соққы толқындары əсерінен пайда болатын
физикалық құбылыстар толық зерттелмеген. Зерттеу жұмыстары түрлі сынақ орталарында жүргізілді.
Жұмыстар электроимпульсті технологияның разряд энергиясының (W) əр түрлі мəндерінде,
конденсатор батареясының (C) 0,25÷0,1 мкФ аралығында, жұмыстық разрядаралық қашықтық (l)5 мм
жəне разряд импульстар саны 100÷250 кезінде орындалды. Зерттеу жұмыстары кезінде қондырғының
негізгі тиімді параметрлері анықталды. Аталмыш технологияның, дəстүрлі əдістерге қарағанда, уақыт
жағынан тиімділігі көрсетілді.