Abstract:
Мақалада қазіргі қазақ романының жанрлық ерекшелігі қарастырылды. Қазіргі қазақ романы
талқыланып, оның басқа жанрлардан ерекшелігі, сондай-ақ жазылу ерекшелігі мен көркемдік стилі
жан-жақты сипатталды. Қаламгерлердің сөз саптаулары мен олардың тілдік-эстетикалық бояуларының
көрінісі талданды. Роман стилі, оның ішінде қазақ романы жайлы зерттеулерге шолу жасалды. Өткен
ғасырда жазылған романдар мен қазіргі жазушылардың туындылары салыстырылып, қазіргі романдардың
көлемі, мазмұны мен құрылымы көрсетіліп, оның мазмұны ашылды. Сонымен
қатар роман жанры қазіргі ғылыми бағытта зерттеліп, əдеби-теориялық тұрғыда талданды.