Abstract:
Мақалада проблемалық оқыту технологиялары, соның ішінде кейстік оқытудың тиімділігі көрсетілген. Аталмыш əдіс медицина, құқық жəне баска да əлеуметтік-гуманитарлық салаларда жиі колданылса, керісінше, жаратылыстану ғылымдарын оқытуда өте сирек пайданылады. Осыған орай орта мектептерде кейстік оқыту əдісін жаратылыстану саласында қолдануды кеңейту мақсатында зерттеулер жүргізілді. Химия пəнінің мұғалімдеріне көмек мақсатында кейстік оқыту əдісі химиялык периодтылық тақырыбы үлгісінде көрсетілді. Кейсті дайындау, толықтыру, талқылау жəне шешім табу
кезеңдеріне тоқталып, оқушылармен бірге жұмыс жасаудың үлгісі теориялық жəне практикалық тұрғыдан баяндалды. Бұрынғы дəстүрлі сабақ үлгiлерi мұғалiмге жəне оның қызметiнің белсенділігі мен басымдылығына бағытталса, оқыту технологиясы ретінде проблемалық оқыту, соның ішінде кейстік əдісті
қолдану оқушының оқу-танымдық қызметiнiң белсенділігін арттыруға, олардың білімді өз бетімен ізденуіне негізделіп, ойлау қабілетін дамытты. Осы əдіс оқушылардың өзін-өзі дамытуға,білім негіздерін терең игеруіне, пəнге деген қызығушылығын арттыруға игі əсерін тигізді. Зерттеу нəтижесінде химия пəні үлгісінде жаратылыстану пəндерін оқытуда абстрактылы ұғымдарды меңгеруге болатындығы анықталды.