Abstract:
Мақалада қан мен жанды, иман мен ақылды тоғыстыратын, ақылдың қателігін дұрыстайтын жүрек
хақында кеңінен қарастырылды. Жаратушынының бар екенін түсіну — ақылдың міндеті, алайда оны
қабылдау-қабылдамау — жүректің міндеті. Имандылық та, күпірлік те жүректен орын алмақ. Жүрек —
рухани сырлардың қайнар көзі. Жүрек ақылдың шеңберінен асып, метафизикалық əлемге бойлайтын адам
бойындағы ерекше қасиет. Авторлар жүректің танымы, түрлері, сипаттары мен атаулары жəне ислам
ғұламаларының жүрек туралы көзқарастарын зерттеді. Адам баласы кеудесіндегі азғындық сезімдерден
арылып, мақаламызда қарастыратын кемел сипаттарға ие болып, жаратылысына сай ғұмыр кешуі үшін
жүректі таза қалпында сақтап оған ерекше мəн беру керек. Себебі адамды адам қалпында сақтайтын —
жүрек. Ислам дүниетанымында жүректің ақылдан үстемдігі, оның рухпен байланысы баяндалды.
Сондай-ақ Əбул Қасым Махмұд ибн Ахмед Имад ад-дин əл-Фарабидың
(əл-Фариаби) «Халисат ал-хақайқ» трактатындағы жүрек түсінігі негізге алынды.