Abstract:
Катализатор қатысында этанол ортасында антраценнің гидрогенизациясын жүргізу нəтижелері келтірілді. Катализатор негізінде никель жəне темір көмірлі микросфераларына қондырылған темір жəне мыс наноөлшемді ұнтақтары қолданылды. Салыстырмалы катализатор негізінде жоғары дисперсті темір тотығы — гетит β-FeOOH алынды. Тəжірибелер жоғары қысымды реакторда жүргізілді. Шикізаттың конверсия дəрежесі қалдықты антрацен бойынша бағаланды. Темірдің наноұнтағының 1,5 бөлшегін енгізу барысында аз мөлшерде каталитикалық əсер байқалды.