Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасы мен шетел тəжірибесі бойынша жеке табыс салығының негізгі
мəселелері қарастырылды. Қазақстан мен шетелдерде жеке табыс салығын есептеу айырмашылықтары
зерттелді. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық корпорациялық табыс
салығы мен қосылған құн салығымен қатар, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың
басты
көздерінің бірі болады. Жеке табыс салығы мен əлеуметтік салықтың мөлшерлемелерінің өзгеру тарихы
тəуелсіздік алған жылдан бастап зерттелді. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем
көзінен салық салынатын табыстың құрамы Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне
қатысты келтірілген. Кодекске сəйкес жеке табыс салығының салық салу объектілері анықталған.
Еліміздің мемлекеттік бюджетке түсетін салықтардың құрамы мен динамикасы Статистика агенттігінің
мəліметтері негізінде талданып, қорытындылар жасалды. Жеке табыс салығы
мен əлеуметтік салықты есептеу бірқатар жылдарда өзгеріп отырды. Жеке табыс салығын есептеуге ең
төменгі жалақының өзгеруі тікелей əсер етеді. Мақалада соңғы жылдардағы Қазақстандағы ең төменгі
жалақының өзгеруі келтірілген. Қазақстандағы жеке салық салу сұрағындағы тəжірибеде
табыстарды шегеруді жеткілікті қолданбау күрделі мəселелердің бірі болып табылады.