Abstract:
Мақалада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 2001–2006 жж. аралығындағы қауіпсіздік
саясатының нормативтік жəне институционалдық негізінің қалыптасуы қарастырылды. 2001–2006 жж.
аралығындағы Орталық Азия аймағындағы объективті өзгерістердің көрінісіне айналған ШЫҰ-ның
қауіпсіздік саясаты, террористік қауіп-қатермен күресуге бағытталған ШЫҰ саясатының негізгі кезеңі
зерттелді. Осы жылдарда қабылданған ШЫҰ-ның негізгі құжаттарына салыстырмалы талдау жасалып,
олардың маңыздылығы айқындалды. Авторлар ШЫҰ-ның терроризммен күресу жөніндегі Конвенциясын
терроризммен күресу саласындағы негізгі халықаралық келісімдермен байланыстырып
талдады.