Abstract:
Мақалада қазақ халқының ұлылығы мен даңқын арттыруда зор рөл атқарған əйгілі Есім ханның өмірі
мен қызметі суреттелген. Есім ханның қолбастаушысы, биі, заң шығарушысы болған Жиембет жыраудың
шығармашылығына басты көңіл бөлінген. Жиембеттің 1620 ж. ойраттармен
(қалмақтармен) болған шайқаста даңққа бөленгені, 1627 ж. Қазақ ордасынан бөлініп, өз хандығын
құрмақшы болған Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басуда маңызды рөл атқарғандығы айтылған.
Жиембет шығармашылығының күшті сезімдерге толы екендігі, жаңа образдарға терең бойлайтындығы
айтылған; оған айрықша стиль, өмірге философиялық көзқарас, халық өмірінің тарихи жолын алдын ала
көре білуі тəн екендігі көрсетілген. Марғасқа жырау Жиембет секілді хан
билігі мен халық арасында аралық тұлға, оның сөзге шебер талант, терең білімді болғандығы туралы
қорытынды жасалған. Жиембет жəне Марғасқа жыраулардың да мұралары өз зерттеушілерін
табатындылығына сенім білдірген.