Abstract:
Мұнайды талдауда қолданылатын стандартты жəне заманауи əдістемелер жетерлік, алайда бұл
əдістемелер компоненттік құрамды анықтауға толық мүмкіндік бермейді. Мақалада мұнайдың компоненттік
құрамын газды хроматография, газды хромато-масс-спектрометрия, екі өлшемді газды хроматография,
жоғары тиімді сұйық хроматография əдістемелері бойынша анықтау қарастырылды.
Хроматографиялық əдістемелердің артықшылықтары мен кемшіліктері келтірілді. Сонымен қатар мұнай
құрамындағы полициклді ароматты қосылыстарды жəне биомаркерлерді екі өлшемді газды хроматография
əдісі бойынша анықтаудың əдістемесі көрсетілді. Екі өлшемді газды хроматография, басқа əдістерге
қарағанда, 50 есе сезімтал, табиғаты əр түрлі заттарды сапалы жəне жылдам анықтауға
қабілетті, сондай-ақ мұнайдың компоненттік құрамын толық зерттеуге мүмкіндік беретін əдіс ретінде
таңдалды.