Abstract:
Мақалада тура айдалған дизель фракциясының (180–320 ºС) физика-химиялық қасиеттері анықталған.
Дизель отынын сутек асқын тотық қатысында тотықтыру процесі зерттеліп, нəтижесінде өңделген дизель
отындарының техникалық қасиеттері өзгергендігі көрсетілген. Сутек асқын тотығымен тотықтыру дизель
отыны құрамындағы күкірт мөлшерін 28 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік
беретіндігі дəлелденген.