Abstract:
Мақалада «мультикультурализм» түсінігіне анықтама берілген. Авторлардың пікірінше, негізінен бұл әртүрлі этникалық топтардың азаматтардың діни, мәдени, нәсілдік ерекшеліктерін сақтауға және дамытуға арналған мультимәдениеттік философия. Сонымен қатар, мультикультурализм Қазақстан қоғамын ілгері дамытуға ықпал ететіндігі айтылған. Осы тұжырымдаманың постмодерндік парадигмасының теориялық негіздеріне талдау жасалған, сонымен қатар оның анықтамалары мен
негізгі сипаттамалары философиялық тұрғыда түсіндірілген.