Abstract:
Мақалада болашақ педагогтардың кәсіби ұтқырлықтарын қалыптастыру мәселелері
қарастырылған. Психологиялық–педагогикалық әдебиеттерге талдау негізінде бұл құбылыстың
құрылымы мен мәні анықталады. Мақала авторлары педагогика жоғары мектебінің болашақ
мамандарын даярлау жағдайында біршама тұтас және жүйелі құбылыс ретінде жоғары оқу орны
студенттерінің кәсіби ұтқырлықтарын дамытуға әсер ететін факторлар тобын көрсетеді.
Тақырыптың мақсаты — еңбек нарығы мен табысты болашақ мансаптың өсу деңгейі мен білім
алушылардың мамандық талаптарына дайындығын анықтайтын, кәсіптік ұтқырлықты дамытудың
әдіснамалық базасы мен қағидаттарын негіздеу және талдау. Эксперименталды әдіс білім беруді
дамытудың әлемдік беталысына сәйкес қазақстандық білім беруді реформалаудың теориялық
жолмен белгіленген модельдерін тексеруге мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесі өзін –өзі бағалау
және кәсіби ұтқырлықты дамыту процесін бағалауға негізделген теориялық және практикалық
сабақтар кешенін анықтау қажеттілігі болып табылады. Кәсіби ұтқырлықтың дамуындағы
кешенді жалпылау мен бағалау деңгейлері анықталған, олар мына маңызды қатынастардың
құрамдас бөлігін құрайды: мазмұндық және процессуалдық аспектілердің бірлігі; теориялық
және практикалық оқытудың бірлігі; жалпы білім беру және кәсіптік даярлықтың өзара
байланысы; мақсаттардың, мазмұнның, нысандардың, әдістер мен құралдардың интеграциясы
мен саралануының арақатынасы. Педагогикалық қызмет әдіснамасы — бәсекеге қабілеттіліктің
маңызды факторы — ойлаудың жалпы педагогикалық мәдениетін арттыруға және педагогикалық
іс–қимылдардың негізгі қағидаттарын қалыптастыруға, студенттердің ғылыми дүниетанымын
педагогикалық құзыреттердің тұтас жүйесі ретінде дамытуға, кәсіби коммуникацияның кәсіби
ұйымдастырылған тезаурусын енгізуге ықпал ететін болады.