Abstract:
Мұғалімнің кәсіби стандарты қазіргі мұғалімді ҚР мемлекеттік білім беру стандарттары мен негізгі
жалпы білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес және ең бастысы — зерттелетін ғылымның
әлемдік мәдениеттегі орнын ескере отырып, пәнді оқыту үрдісін ұйымдастыруға бағыттайды.
Биология мұғаліміне гуманистік білім беруде отандық педагогиканың қазіргі талаптарға негізделуімен
байланысты. Білімді маман дайындауда өлкелік мазмұндағы ақпараттың маңызы зор, осы мәселе
соңғы кезде әр түрлі қырынан қарастырылуда. Биолог–мұғалімдердің әдістемелік дайындығын
жетілдірудің ерекше өзектілігі қазіргі әлемдегі биологияның маңыздылығымен байланысты қатар
жүріп отырады. Жалпы биология – бұл қазіргі заманғы мәдениетте жаңа реттеуші қағидаттарды
қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын ғылым болып табылады. Биология ғылымы жаратылыстану
және қоғамдық ғылым арасында аралық орын алады, жаратылыс-ғылыми және педагогикалық
пәндермен кіріге отырып, басқа жаратылыстану ғылымдарының гуманизмге бағытталуына бастама
болады. Болашақ биолог-мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан даярлауды уақытылы жетілдіру
практиканың қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар табиғи білім беру саласындағы педагогтің
дайындық мәселелерін шешудегі ғылыми жетістіктерімен де байланысты. Биологияны оқытудағы
білім беру іс–әрекеттің табиғат пен мәдениеттің құндылықтарымен байланысы, студенттердің
биологиялық заңдылықтарды білуіне және оларға жеке мағына беруге жағдай жасау – бұл биология
мұғалімінің іс-әрекеті, ол өзінің субъективті ұстанымының белсенділігін оқушының субъективті
қасиеттерін дамыту жағдайында көрсете білу керек. Қазіргі кезеңдегі білім беруді дамытудың
ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеуде жергілікті материалды пайдалану болып табылады. Биологиялық
пәндерін оқыту үрдісінде болашақ мұғалімдерді даярлауда өлкелік компоненттерді пайдаланудың
құрылымдық-мазмұндық моделі тұлғалық-іс-әрекеттік әдіс-тәсілдерге негізделген біліктерді және
олардың мазмұндық, практикалық және іс-әрекеттік компоненттерін, оларды қалыптастыру
деңгейлерін және олардың қалыптасу өлшемдерін анықтауды қамтиды. Мақалада жоғары оку
орнындағы өлкелік компонентті оқыту ерекшеліктері қарастырылған.