Abstract:
Оқу-әдістемелік құрал қазақ тілінің теориялық және практикалық стилистикасы мәселелеріне арналған. Оқу-әдістемелік құралдың теориялық бөлімінде стилистиканың негізгі ұғым-категориялары, тілдік құралдардың стилистикалық бояуы, стилистикалық мағына, стилистикалық норма, стилистикалық қате туралы ұғым, қазақ тілінің стилистикалық құралдары, функционалды стильдердің пайда болуының алғышарттары мен себептері, әдеби тіл құрамындағы функционалды стильдердің өзара байланысы, қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдер құрамы және оларды топтастырудың принциптері жан-жақты қарастырылған. Оқу-әдістемелік құралдың практикалық бөлімінде стилистикалық қателер мен стиль түрлеріне байланысты тапсырмалар, жаттығулар және тест сұрақтары берілген.