Abstract:
Жинаққа Орталық Қазақстан өңірінде өмір сүрген би-шешендердің әдеби мұрасы
енгізіліп отыр. Олардың есімдері мен шешендік сөздерінің басым бөлігі көпшілікке мәлім
болғанымен, кейбір туындылары жарыққа шықпаған тың мұралар. Сонымен қатар, сол
мұраларды жеткізушілер туралы түсініктер, кейбір сирек қолданылатын сөздер мен ру,
жер-су атауларына анықтамалар жасалды. Жинақ рухани құндылықты бағалайтын
көпшілік оқырманға арналады. Ізденушілердің зерттеулеріне өзінің септігін тигізетіндігіне
сенімдіміз.