Abstract:
Мақалада жылу желілеріндегі құбырларды сынақтан өткізуге арналған құрылғы зерттелген. Жылу
өлшегіштің құрылымы мен жұмыс істеу тəртібі келтірілген. Ұсынылып отырған жылу ағынының өлшеуіші
жер қыртысындағы орналасқан жылутасымалдағыш арналардың зақымданған бөлігін тез əрі
қосымша зерттеулерсіз анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар құрылғы экономикалық жəне
экологиялық тұрғыдан тиімді болып табылады. Құрылғы жылу желілерін сынақтан өткізу үшін,
мұнай-газ өндірісінде өткізгіштердің жылулық оқшауларының күйін бақылауда қолданыс табуы
мүмкін.