Abstract:
Мақалада жылумен қамту жүйесінде жылу сорғыларын қолдану кезінде
жерасты
жылуалмастырғыштарын орнату үшін ұңғымаларды дайындауда жаңа электрогидроимпульстік технологияны
пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл үшін бұрғы ұңғымаларының тиімді электрогидроимпульстік
ұңғылауға арналған технологиялық сұлба құрастырылып, зерттелді. Ұңғылау
жылдамдығының электрогидравликалық импульстер санына тəуелділігі анықталды. Тəжірибе нəтижелері
негізінде Қарағанды облысының кейбір елді мекендерінде бұрғыланған ұңғымалар бағандары бойынша
геологиялық қима тұрғызылды. Бұл əдіс қаттылығы жоғары кедергілерді жеңіп өтуге, яғни оларды
біртекті емес сұйық ортада жоғары вольтты разрядтар кезінде соққы
толқындардың əсерімен ұсақтауға мүмкіндік береді.