Abstract:
Мақалада қатты фазалық əдіспен диспрозий (III), теллур (IV) оксидтері жəне сілтілік-жер металдары
карбонаттарының əрекеттесуі нəтижесінде диспрозийдің s-элементтерімен жаңа қос теллуриттерін алудың
мүмкіндігі көрсетілген. РФА əдісімен теллуриттердің сингония түрлері, элементар ұяшықтарының
көрсеткіштері, рентгендік жəне пикнометрлік тығыздықтары анықталған. Сондай-ақ РФА жəне квантты химиялық есептеулерінің нəтижесінде диспрозий қос теллуриттерінің құрылымдық модельдері ұсынылған.