Abstract:
Ресурстық нарықтар - нарықтық қатынастар дамуының негізгі шарты болып табылады, ал оның жекелеген элементтері қалыптасуы мен дамуы бәсекелестікті және нарықты ерекшелейді. Сондықтан ұсынылып отырған оқу құралы ресурстық нарықтар, олардың арасындағы өзара байланысты сипаттайтын теориялық қағидалардан, маңызды нәтижелерден және заңдылықтардан тұрады. Қарастырылып отырған оқу құралы ресурстық нарықтардың микроэкономикалық негіздері, еңбек нарығы мен оның факторлы табысы еңбекақының, жер нарығы мен оның табысы рентаның, капитал нарығы мен оның табысы проценттің микроэкономикалық ерекшеліктеріне тоқталып өтеді.
Оқу құралы экономика факультетінің студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, оқытушыларға және ресурстық нарықтар мәселелерімен қызығатын тұлғаларға арналған.