Abstract:
Академик Е.А.Бөкетовтің алты томдық Шығармалар жинағына (Қарағанды, 2005)
арналған анықтамалық том оқырмандарға академиктің ғылыми, пулицистикалық жəне
көркем-əдеби шығармаларына байланысты ақпаратты іздеуге көмек ретінде берілген.
Басылымда Шығармалар жинағына енген ғылыми жəне əдеби еңбектерінің əліпбилік
көрсеткіші мен оларға қосымша əліпбилік-тақырыптық көрсеткіші көрсетілген.
Анықтамалық томға Е.А. Бөкетовке арналған 1992 жəне 2005 жылдары басылып шыққан
биобиблиографиялық көрсеткіштердің жалғасы болып табылатын Е.А. Бөкетов туралы
əдебиеттердің биобиблиографиялық көрсеткіші қоса беріліп отыр. Биобиблиографиялық
көрсеткіште Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ғылыми кітапханасы қорында бар, алдыңғы
көрсеткішке кірмеген ғалымның еңбектерінің тізімі жəне өмірі мен қызметін бейнелейтін
материалдар бар.