Abstract:
Мақалада жазушы Кемел Тоқаевтың детектив жанрында жазылған туындыларының тақырыптық мəні,
сюжеттік-композициялық, жанрлық ерекшеліктері қарастырылды. Детектив жанрына алғаш қалам
тербеген Кемел Тоқаевтың шығармаларын негізге ала отырып, оның көркемдік факторлары мен
кейіпкер образының идеялық-эстетикалық қызметі зерделенді. Сондықтан жанрдың сюжеттік
құрылымы мен кейіпкерінің ерекшелігін саралау мақаланың басты мақсаты. Шығармадағы негізгі
оқиғалар, шындықты көркем бейнелеу жолындағы ізденістер талданды. Жазушы шығармашылығына
тəн қылмыс хроникасы, оның ашылу процесі, қылмыскердің экспозициясы сипатталған. Қаламгер
ұстанымы, қолтаңба мəні айқындалды. Негізгі шытырман оқиғалар ретінде қылмыстық істер
қарастырылды. Детектив жанры оны зерттеу мен кінəсі барларды іздеудің қыр-сырларын, шым-
шытырық жолдарын суреттейді. Детективтің жанр ретіндегі басты белгісі осы. Бірақ, қылмыс болып
табылмайтын оқиғалар да жанрдың негізгі өзегі болып табылады. Детектив туындыларын жаңаша бе-
леске көтерген Кемел Тоқаевтың кейбір шығармаларында қылмыс болмауы мүмкін. Жанрдың тағы
бір ерекшелігі ретінде оқиғаның себептері тергеу аяқталғанша оқырманға белгісіз болып қалатын
тұстары бар. Оның орнына оқырман автормен бірге қылмыстық зерттеудің қыр-сырына, өн бойына
емін-еркін бойлап, өзіндік қорытынды шығарып, шындықты талқылауға мүмкіндік алады.