Abstract:
Мақаланың мақсаты — жеке тұлғаның діни сенім бостандығының конституциялық-құқықтық
негіздеріне талдау жасау, Қазақстан Республикасында қабылданған ар-ождан бостандығын
қамтамасыз ететін ұлттық құқықтық нормалар мен халықаралық құқықтық нормаларды салыстыра
отырып, жеке тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету мəселелерін шешу жолдарын табу. Авторлар
жеке тұлғаның сенім бостандығы мен ұлттық мүддені сақтаудың мəселесін зерттеу арқылы қоғамдық
тұрақтылықты қамтамасыз ететін нормаларды ұсынған. Зерттеудің тарихи, салыстырмалы тəсілдерін
қолдана отырып көтерген мəселе бойынша адам құқықтарын сақтаудың жолдары жан-жақты
талқыланды. Жалпы алғанда, дін өте күрделі құбылыс жəне ол қоғамның барлық саласына өз əсерін
тигізеді, сондықтан дін мəселесін, əсіресе адамның жеке діни сенім мəселесін қарастырған кезде
ұлттық мүдде, қауіпсіздік мəселелері назардан тыс қалмауы жəне қабылданатын нормалар осы
мəселені ескеруі тиіс. Қазіргі уақытта жаһандау дəуірі жүріп жатыр жəне соған сəйкес халықаралық
діни экстремизм мен терроризмнің қаупі артып келеді, осы тұста елімізге қауіпті діни ағымдардың
келмеуін қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің ең бір өзекті мəселесі болып қала бермек.