Abstract:
Мақала ислам отбасына арналған. Ислам отбасы игілік, сүйіспеншілік жəне үйлесімділік пен
тақуалықтың, бейбітшілік пен мейірімділіктің тірегі болып табылады. Қазіргі уақытта кең талқыланып
жүрген мəселелердің бірі — мұсылмандық отбасындағы неке, некеге тұру, тоқтату жəне жарамсыз
деп тану себептері, ондағы мүліктік жəне мүліктік емес қатынастар мақаланың негізгі өзегі болып
табылады. Отбасы құрмас бұрын ер жəне əйел некеге тұру алдында жəне некеге қатысты шарттарды
талқылаған. Некеге тұрған жас мұсылман отбасы арасында пайда бола алатын немесе орын алған
қандай да бір жағдаятты шешу жолдары көрсетілген. Ең негізгі мақсаттарының бірі — мұсылман
қоғамына неке ережелері мен қағидаларын насихаттау жəне дұрыс жолға бағдар беру. Мұсылман
отбасы қарым-қатынастарының жалпы көрінісін бейнелеу. Отбасы құрған жас мұсылман ерлі-
зайыптылар неке ұғымының негізгі міндеттерін білу тиіс. Мұсылман отбасының негізгі қағидалары
мемлекеттегі заң мен ислам дін арасында үйлесімін табу жəне құқықтық қатынастарын реттей алу.
Жоғарыда көрсетілген тұжырымдарды ескере отырып, болашақта жас мұсылман ұрпақтарымыздың
неке туралы негізгі түсініктемелерді беру, насихаттау жəне дұрыс жолға бағдар беру мəселесі туралы
ғалымдардың ой-пікірлері нұсқау ретінде көрсетілген. Мақала оқырмандар арасында өте қызықты
тақырып болатынына күмəн жоқ.