Abstract:
Мақала Отандық ғалымдардың еңбектеріндегі Арал-Каспий өңіріндегі тарихи-мəдени, ғұрыптық
орындардың зерттелуіне арналған. Батыс Қазақстан, Маңғыстау түбегі мен Үстірт жазығын,
Солтүстік Арал маңы мен Каспий маңын қамтитын Арал-Каспий өңірі Еуразия даласы
халықтарының этно-мəдени орталығы. Батыс Қазақстанның сəулет ескерткіштері ежелгі кезеңнен-
ақ саяхатшылар мен зерттеушілердің назарын аударып келеді. Арал-Каспий аумағында болған
ортағасырлық зерттеушілердің еңбектерінде осы аумақтағы ғұрыптық ескерткіштерге ерекше назар
аударылған. XVIII ғасырдың басында Ресей империясы мен Батыс Еуропа зерттеушілері
еңбектерінде аталмыш аймақтың тарихи-мəдени ескерткіштері маңызды орынға ие бола бастады.
Олардың қатарында П.И. Рычков, П.С. Паллас, И.П. Фальк, С.Г. Гмелин, Н.П. Рычков сынды
зерттеушілерді атап айтуға болады. ХХ ғ. 40–50 жж. аталған аумақтың мемориалдық жəне
ғұрыптық ескерткіштерін зерттеумен қазақтың белгілі ғалымдары айналыса бастады. Қазақтың
белгілі сəулетшілері Т.Қ. Бəсенов жəне М.М. Меңдіқұлов Батыс Қазақстан аумағындағы Ұшқын
ата, Сисем ата, Шопан ата, Масат ата сынды ғұрыптық ескерткіштерді зерттеумен айналысты.
Ескерткіштанушы, ғалым С.Е. Əжіғалидің негізгі ғылыми еңбектері Арал-Каспий маңы өңірінің,
Батыс Қазақстан облысының дəстүрі мен мəдениетін, этнографиясы мен архитектуралық
ескерткіштерін зерттеуге арналды. Мақалада осы аталған ғалымдардың негізгі зерттеу жұмыстары,
Арал-Каспий өңірінің ғұрыптық орындарын зерттеуге қосқан үлестері, ғылыми жаңалықтары атап
көрсетілген.