Abstract:
Нұр-Сұлтан қаласын қоршай отырғызылған жасанды «жасыл белдеу» орман
шаруашылықтарында өсетін сүйелді қайың ағаштарының (Betula рendula Roth.) бактериялық обырмен
зақымдалуына байланысты морфологиялық өзгерістері қарастырылып, ауру ағаш діңдерінен керн
үлгілері алынып, бөлініп алынған бактерия культуралары қоректік орталарда өсіріліп, оларға
культуралық-морфологиялық сипаттамалар берілді. Ауруға шалдыққан сүйелді қайың ағашы діңінен
керндер алу, олардан ауру қоздырғыштың таза штамдарын бөліп алу, рибосомдық РНҚ 16S
нуклеотидтік тізбегінің молекулалық идентификациясы жəне осы нəтижелерді халықаралық Gene
Bank базасындағы тиісті мəліметтермен салыстыра зерделеу жұмыстары бактериология жəне
ботаника салаларында қолданыстағы заманауи тəсілдер арқылы жүргізілді. Бөлініп алынған бактерия
штамдарының молекулалық сипаттамалары халықаралық Gene Bank базасындағы типтік Dickeya
dadantii штамына 96,72 %-ға сəйкес келді.