Abstract:
Мақалада Қарағанды қаласында өткен желтоқсан толқуының барысы, толқу аяқталғаннан кейінгі
жазалау шараларының жүргізілуі, сол уақыттағы қоғамдағы жалпы ахуал қарастырылды. Қарағанды
қаласында өткен толқуға қатысушылардың жай-күйі айтылды. Жазалау шаралары мен жазаланғандар
тізімі қарастырылып, сұхбат негізінде сол уақыттағы кеңестік биліктің қуғындау əрекеттерінің
ХХ ғасырдың соңындағы бейнесі зерттелді. Толқудан зардап шеккендердің сұхбат негізінде алынған
естелік-əңгімелері айналымға енгізілді.