Abstract:
Қазақ ұлттық концептосферасындағы базалық концептінің бірі – «дала» қаламгерлердің
дүниетанымында ұлттық болмыс, ділдің тікелей кӛрінісі ретінде түрлі тілдік бірліктермен танылады.
Дала концепті жалпыұлттық құндылықтарды таныта алатындықтан, «қала» концептіне контраст жұп ретінде
кӛркем мәтіндерде жиі қолданылады. Кӛркем мәтіннің концептуалды-мазмұндық ақпараты үшін аса маңызды
бұл контраст концепт ұлт менталитетіндегі ӛзгерістер динамикасын таныта алатынын түрлі кезеңде
шығармашылықпен айналысқан қазақ ақындарының ӛлеңдері
кӛрсетеді.