Abstract:
Нарықтық экономика жағдайындағы стратегиялық жоспарлау логикасы жəне
заманауи озық тəсілдері қарастырылыған. Стратегиялық жоспарлаудың принциптері мен заманауи
тəсілдері ұсынылған. Стратегиялық жоспарлау логикасының құрылымдық элементі -қоғам
қажеттілігінің құрылымы мен көлемін, оның жоспарлы кезеңіндегі жеке жүйе ішін жан-жақты
зерттеу. Баланстық тəсіл ұлттық экономиканың дамуын болжауда жəне талдауда негізгі құрал болып
есептелетіндігі пайымдалған. Экономикалық-математикалық үлгілер мен тəсілдер əлеуметтік
жүйелердің тепе-теңдігін қамтамасыз ететіндігі дəлелденген. Макродеңгейде жүзеге асырылатын
стратегиялық жоспарлауда мақсаттар мен міндеттер басқарушы партиялардың бағдарламалық
нұсқауынан шыға отырып, жобаланатындығы көрсетілген.