Abstract:
Жаппай саяси репрессиялар кезеңінің объективтілік мазмұны жеке адамдардың тағдырларын жіті
қарастырмай толық бола алмайды. Автор деректемелік негізде жаппай жəне кең ауқымды жазалау
шараларының басталуына белгі ретінде БК(б)П ОК-нің 1937 жылдың 2 шілдесіндегі шешімі мен
осыдан кейінгі, шұғыл түрдегі Ішкі істер Халкомы Н.Ежовтың қолы қойылған № 00447 бұйрықты
айта отырып, бұл арқылы 268950 адамды репрессияға ұшыратып, оның 75950-ін ату жазасына кесу
көзделінгендігін, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші категориямен 150 адам ең жоғарғы
жазаға кесіліп, екінші категориядағылардың саны 300 адам болып белгіленсе, солардың ішінде 30
қарағандылықтардың да болғандығын нақты көрсетті.