Abstract:
Биыл өзінің ширек ғасырлық табысты белесін атап отырған тəуелсіз Қазақстанның жас мемлекетінің
қалыптасу, өсіп, өркендеу жолындағы қарышты қадамы, ауқымды істері, толымды табыстары
қоғамдық-саяси ортаны да, ғылыми ортаны да қызықтыруда. Мақалада қазақ мемлекетінің 25 жылдық
белестеріне шолу жасалып, жеткен жетістіктері айтылған. 25 жылдық тарихи кезеңде жас қазақ
мемлекеті өзінің мемлекеттік шекарасын бекемдеді, көрші елдермен оны ратификациялау өзара
түсіністік негізінде жүргізілді. Тəуелсіздіктің бастапқы кезеңінен бастап-ақ Қазақстан өзінің жаңа,
демократиялық принциптерге негізделген мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырды. Осы
жылдары еліміздің құқықтық іргетасын нығайтқан екі бірдей Конституция қабылданды. Социалистік
тоталитарлық экономикадан бас тартқан тəуелсіз Қазақстан нарықтық экономикаға көшудің алғашқы
қиындығын жеңе отырып, əлемдік деңгейдегі бəсекеге қабілетті елдердің қатарына ену туралы
стратегиялық жоспарды табысты жүзеге асыруда.