Abstract:
Белгілі бір қоғамдық ортада өмір сүргеннен кейін қажеттіліктен тіл арқылы қарым-қатынас жасау
туындайды. Ол табиғи я болмаса жасанды тілдердің негізінде жүзеге асырылады. Табиғи тілдердің де,
жасанды тілдердің де негізгі мақсаты сөйлеушінің мүддесін қанағаттандыру, кері байланыс орнату,
яғни тілдік коммуникацияны жүзеге асыру. Мақалада жасанды тілдер — пиджин жəне креол
тілдерінің пайда болу негіздері, олардың қандай мақсатта қолданылатындығы, пиджиннің креол
тілдеріне айналу үдерісі сөз болады. Сонымен қатар, креол тілдерінің саны, қанша адам сөйлейтіндігі,
олардың қандай аймаққа таралып жатқандығы да қарастырылған. Пиджин мен креол тілдерінің ұқсас
жақтары көрсетіліп, ерекшеліктері ажыратылған. Креол тілдерінің пайда болуына негіз болған тілдер
қандай, олардың сөздік құрамы мен грамматикасының қалай əсер еткендігі көрсетілген. Пиджиннің
қандай мақсатта қолданылатындығы, оның өміршең емес, уақытша қарым-қатынас жасау үшін
ойластырылған тіл екендігі, сонымен қатар орыс жəне қытай арасындағы коммуникация үшін
қолданылған кейбір тілдік қолданыстар сөз етілген. Бұл тілдердің пайда болуының себептері, ары
қарайғы даму жағдайлары түсіндірілген. Кейбір аймақта таралған креол тілдерінің ерекшеліктеріне
қатысты мысалдар берілген.