Abstract:
Мақалада соңғы жылдардағы қазақ тіл білімінің даму бағыттарының, оның ішінде антропоөзектілік
бағыттың рөлі мəселесі қамтылған. Антропоөзектілік бағыттың өзіндік ерекшеліктері адамның
ойымен, танымымен, іс-əрекетімен тікелей байланыста талданған. Жүргізілген зерттеулердің негізінде
авторлар тарапынан тілдік дамудың ішкі қайшылықтар мен қарама-қарсылықтар күресіне
негізделетіндігі жəне ол қайшылықтар мен қарама-қарсылықтардың табиғат, қоғам, адам санасындағы
бірін-бірі жоққа шығаратын жəне сонымен қатар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын заттар, құбылыстар,
тенденциялар арасындағы қатынастар екендігі тұжырымдалған. Мақалада қарама-қарсылықтар
заңының, яғни тақырып аясына қажетті тілдік оппозициялардың ежелгі философ-ойшылдардың
еңбектерінен бастау алатындығы жəне қарама-қарсылық мəселесінің антикалық философия мен
логикадан басталатындығы дəлелденген. Сонымен қатар қарама-қарсы құбылыстардың міндетті түрде
бір текке немесе бір-біріне қарама-қарсы түрге жататыны жəне сондай-ақ, олардың өздері мағыналық
жағынан туыстас, сыбайлас тектерді білдіретіні айқындалған.